Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News БАҚ өкілдері мен коммуникация саласының мамандарына арналған онлайн-тренинг

БАҚ өкілдері мен коммуникация саласының мамандарына арналған онлайн-тренинг

01.06.2026 2573 0


2026 жылғы 5 маусымда БАҚ өкілдері, баспасөз қызметі қызметкерлері, PR және коммуникация саласының мамандарына арналған онлайн-тренинг өтеді.

Тренингтің мақсаты — волонтерлік және қайырымдылық қызметті БАҚ-та және коммуникацияда этикалық әрі жауапты түрде жариялау дағдыларын дамыту.

Өткізу уақыты

  • Қазақ тобы: 11:00–13:00

  • Орыс тобы: 15:00–17:00

Формат: онлайн

Тренинг барысында

Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялау бойынша негізгі этикалық қағидалар талқыланады:

  • осал топтар туралы ақпаратты дұрыс әрі этикалық тұрғыда беру;

  • жарияланымға келісім алу және құпиялылықты сақтау;

  • қайырымдылық қорлары мен ҮЕҰ қызметін жариялау алдында тексеру;

  • манипуляция мен жалған ақпараттың таралуының алдын алу;

  • әлеуметтік тақырыптарды кәсіби және мазмұнды түрде жариялау тәсілдері.

Қатысушылар не алады

Тренингке қатысушыларға келесі материалдар ұсынылады:

  • қатысушы сертификаты;

  • жарияланымдарды тексеруге арналған чек-парақ;

  • қазақ және орыс тілдеріндегі жадынамалар жиынтығы;

  • сарапшылардан кейінгі консультация алу мүмкіндігі.

Қатысу

Қатысу — тегін.
Өтінім беру үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfJDBnTMt86SJsvCfREgvrVwJa1DzPQ3XoqFgtPsoG5ymdGwA/viewform?usp=header


Last news
07.09.2026 225 0
The Call for Entries for the International «Volunteer of the Year» Award Is Now Open
Read more
19.08.2026 2200 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2646 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена