Birgemiz: áreket ýaqyty
РУ
QZ EN
Стать волонтером
Главная Проекты "Сарқан ауданының ресурстарын сақтау"

Контакты

"Сарқан ауданының ресурстарын сақтау"

31.10.2019 — 31.10.2019

c 11:24 по 11:24

Алматинская область, Талдыкорган, Сарқан аудандық политехникалық колледж

0 / подтвержденных волонтеров

0 откликнувшихся волонтеров

О проекте

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ –нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» және "ЖАЛЫН ЖҮРЕК" ЖҚБ ұйымдастыруымен Сарқан политехникалық колледжінде жастарға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Жастардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттырды мақсатында "Сарқан ауданының ресурстарын сақтау" атты семинар өтті. Ұйымдастырылған семинарға Сарқан Политехникалық колледжінің оқу ісінің меңгерушісі Анар Өмірбекқызы, "Жоңғар Алатауы МҰТП" РММ - нің орманды қорғау инженері С. Ержанов сондай-ақ, колледж студенттерімен ұстаздары қатысты. Семинар төңірегінде сөз кезегінде Сарқан аудандық жастар қоғамының басшысы Д. Қалиев қоршаған табиғи ортаға өте кері әсерін тигізетін өзекті мәселелері қолға ала отырып, және колледж студенттеріне қатты тұрмыстық қалдықтары туралы, олардың қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайту үшін жүргізілетін іс-шараларын түсіндіріп, өндірістік қоқыстарды азайту, жаңа тазалағыш құрылғыларды құрастыру және оның тиімділігін арттыру, лас көздерін жою, қалдықтарды қайта өндіруді көздеудегі бейне сюжеті көрсетіліп бастау алды. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды шаруашылықта дұрыс пайдалануын, оның ішінде арнайы қоқыс салатын жәшіктерге жинап қоюын талап етуді түсіндіріп өтті. "Жоңғар Алатауы МҰТП" РММ орманды қорғау инженері С. Ержанов өзінің баяндамасында жалпы Табиғат Ананы қалай қорғау қажет екендігіне тоқталып, осы мәселені шешу үшін ең алдымен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы адамдардың табиғатқа деген көз қарасын өзгертіп тәрбиелеу керек. Балабақшадан бастап, мектептерде жоғарғы және арнайы оқу орындарында табиғатты қорғаумен экологиялық білімді тереңдетіп меңгеру керектігін, қазіргі заман талабына сай экологиялық идеологияны қалыптастыруды, газет журналдарға мақалалар жазуды, радио-теледидарларға сұхбат беруді әрдайым қажет екендігіне тоқталып өтті. Сондықтан ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз

Роли

"Сарқан ауданының ресурстарын сақтау"

31.10.19 — 31.10.19

c 00:00 по 00:00

0 / 1 занято

Похожие проекты

цветение яблони Сиверса
06.05.2024 — 06.05.2024, c 09:56 по 19:56 Область Жетісу, Талдыкорган OO "Kaz Eco Patrol области Жетісу город Талдыкорган
Экологическое волонтерство
Культурное волонтерство
Нужны волонтеры
фестиваль цветения Яблони Сиверса
06.05.2024 — 06.05.2024, c 09:52 по 19:52 Область Жетісу, Талдыкорган Общественное Объединение «Алтын Адам креатив центр» области Жетісу
Экологическое волонтерство
Культурное волонтерство
Нужны волонтеры
Спасибо! ваша заявка отправлена