Birgemiz: áreket ýaqyty
РУ
QZ EN
Стать волонтером
Профиль

Арслан Оразгалиев

ID Волонтера: 60121
Область:

Актюбинская область

Населенный пункт:

Актюбинская область, Актобе

Направления:
Волонтерство в медицине
Стаж волонтерской деятельности:

6 месяцев

О себе

Мен Оразгалиев Арслан 1997жылы сәуір айының 10-шы жұлдызы дүниеге келдім. 2004жылы Мектепке алғаш бардым.Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы 15 орта мектеп 2017 жылы Марат Оспанов атындағы БҚМУ мемлекеттік грант иегері атанып жоғарғы оқу орнына түстім.Ақтөбе облысы.Ақтөбе қаласыУниверситеттегі ең белсенді студенттердің қатарында болдым.Мен бакалавриат оқу жылдары бірнеше ұйымдардың жетекшілік еттім. 1. «Студенттік кеңес» төрағасы 2017ж 2. «Мейірім» медициналық волонтерлар клубының президенті 2018ж 3. «Y-PEER» халықаралық жастар желісінің Ақтөбе облыстық координаторы 2019ж 4.Студенттік өзін-өзі басқару ұйымын топ және лек басшысы.2017-2022жж Студенттік төрағалық кезметін атқарған жылы БҚМУ де жаңа «КиноPARTY» жобасынның алғаш тұсауын кестім.Сондай-ақ жатақхана ішілік сайыстарда өз командамды алдыңғы қатардан көрсете білдім.Мен қарапайым волонтердан бастап жетекшілік қызметтерде және дүниежүзілік БҰҰ-ның тренер волонтері атынып үлгердім.Сондай-ақ ол Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Мейірім» медициналық волонтерлар ұйымда жетекшілік еткен оқу жылында Ақтөбе облысының үздік волонтерлық ұйымы «Жас Ақтөбе-2018» облыстық жастар сыйлығын иелендім. 2019 жылы «Үздік медик волонтер» атанып, арнайы степендияға ие болдым. Y-PEER халықаралық жастар желісінде де белсенді жұмыс жасадым. Жыл сайынгы университетке түскен жас буын және қала,аудандағы мектептеріне барып лидерлік,репродуктивті денсаулық,салауатты өмір салты,медиа ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында тренингтер өткізедім.Республикалық деңгейдегі БҰҰ-ның UNFPA және Y-PEER шараларына шақырту аладым. 2019 жылы Қазақстандық Респродуктивті медицина ассоциация отырысына волонтерлық қызметке шақырту алып,сол аймақтық конференцияда ресми түрде «Қазақстандық Респродуктивті медицина ассоциация» мүшесі атандым.Сонымен қатар next kz жастар қозғалысында призиденттік сайлауда бақылаушы қызметін атқардым.Қазіргі таңда мен «JAS AQTOBE» облыстық белсенді жастар қатарындамын. 2020 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтер жылының ресми жабылу рәсімінде «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» номинациясында «ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевадан алғыс хат иелендім.Пандемия тұсында «Саулық жобасы» аясында медициналық ұйымдарда медицина маманының көмекшісі қызметін атқарып,бұл жобада волонтерлік ұйым грантка ретінде ие болдым.Қашықтықтан оқу жүйесінде «арнайы салауатты өмір салтын насихаттау» бойынша онлайн тренингтер өткіздім. 2021ж “100 жаңа есім М.Оспанов атындағы БҚМУ” жеңімпазы атандым Сонымен қатар мен «МедАРТ» студенттік жастар театры,«ЗаманАрс» ән дуэті, «Сұңқар» спорт клубы, «студенттік кәсіподақ», «студенттік парламент», «патоморфолог» ғылыми үйірмесінің белсендісі атандым.Студенттік өзін өзі басқару ұйымында топ және лек старостасы қызметін атқарадым.Қоғамдық шаралардан бөлек ғылыми жұмыстарға және пәндік олимпиаларға қатысып алдыңғы қатардан көріне білдім.Оқумен қатар практикалық дағдыларымды шыңдауда бірнеше медициналық мекемелерде жұмыстар жасадым,ол туралы түйіндемемде ашық көрсетемін. 2022ж М.Оспанов атындағы БҚМУ “жалпы медицина” факультетін аяқтап “Денсаулық сақтау бакалавры”біліктілік дәрежесін алдым. Қазіргі таңда М.Оспанов атындағы БҚМУ да интернатура бөлімінде білімімді жалғастырудамын сондай-ақ жаңа идеялармен жеңістерім қатарын толтыруға талпынып,жаңа білім мен жобаларға ізденіс үстіндемін.

Волонтерская деятельность

  • Реализуемые
  • Планируемые
  • Завершенные

Нет действующих проектов

Нет планируемых проектов

Нет завершенных проектов

Спасибо! ваша заявка отправлена