Birgemiz: áreket ýaqyty
РУ
QZ EN
Стать волонтером
Главная Направления Birgemiz: Bilim Қарағанды обылысы. "Bilim camp" онлайн лагері. "Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос" мақаласы

Қарағанды обылысы. "Bilim camp" онлайн лагері. "Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос" мақаласы

20.11.2020 875

Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос 

“Бірлік -ақылға бірлік, малға бірлік емес” 

Абай 

       Міне, хакім Абайдың айтқан осы бірлігі қазаққа дәл келіп тұрғандай. Себебі, қу дүние сан қилы дүрбелеңге толы. Алыптар мен мықтымын ба, әлде сен белдісің бе? - деп, бір-біріне ашынған алакөздікпен қарайды. Осы бір алакөздік талай жұрттың обалына қалып, жұдырығын шығартып та жатыр. Бірақ, көреалмаушылық пен ашкөздік, берекесіздік пен дүниеқұмарлық біздің ана дүниедегі таразымызды ауырлата ма, әлде жеңілдете ме олда беймәлім. Бірақ, қазіргі басымызға төнген қара бұлт індеті барша адамзатқа өмірлік сабақ беріп жатқандай. «Тәж» атын естісе осыған қарай ұмтылып, алтын тақ пен билікке жұлып тұратын адамзат қазір бұл сөзді аузына алмақ түгіл, ойға алуға сескенетін болды. Құдды бір байлықтың емес, бақыттың мәнін түсінгендей. Бұл да бір Алланың пендешіл пенделеріне берген үлкен бір сынағы болар. Бұл сөзімнің дәлелі қазір ағайыннан ақшаны, бауырдан байлық пен мансапты жоғары қойдық, көзімізді көреалмаушылық шелі басты. Жұмылып іс көтермек түгілі бір құрсаққа сыйғандар бір ортаға сыймай, бір ананың сүтін емгендер бір дастарханға жиналмай тарыдай шашылып жүргені ақиқат. 

     Жартасқа бардым, айғайды салдым оданда да шықты жаңғырықтың күйін кешіп жүрміз. Адамдар арасындағы шынайы ықылас пен ақ пейілділік сейіліп, салқындап барады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейміз, ал, бесіктегі тәрбиені түзейтін бастаушы бұлақтың өз басы лай болса не қайыр күтесің? Ондай ошақта бірлік ұйытқысының ауылы алыста болары сөзсіз. 

   Біздің халықтың қанында қалыптасқан «қазақбайшылық» деген ұғым бар. Бұл түсінікке, жақсылықтан гөрі, көбінесе елдің ең нашар қасиеттері тізбектеледі. Бос сөзге үйірлік, өсекшілік, пәлеқорлық, белгілі бір бағытта жолы болған біреулерге қарсы топ құрып, әлгіні қалайда сүріндіруге ұмтылу,әлдекімдермен жең ұшынан жалғасу, бақайесепшілдік деп кете береді.Ал енді сөйтеміз де, басымыз қосыла қалса, «Ой, қазақ деген теңдесі жоқ ғажайып батыр ел. Меймандос халық. Ақкөңіл жұрт!» деп гүрілдеп шыға келеміз. Әрине, осының бәрінің де түрлі себептері бар. Кейде осы дертті қоздырып тұратын «вирустарды» дәл тауып, тазарта бастайтын, сөйтіп ұлтты жағымсыз дағдыдан арылтатын күнге жететін күн болар ма екен деп қиялданамын... 

     Мені тағы бір алаңдататыны- жұрт арасында тек өз отбасымның жағдайы жақсы болса жетеді, қалғандарың күл болмасаңдар бүл болыңдар дегені...  

   Басымызға түскен осынау қара індетте пенделерді бір-бірінен оқшаулау арқылы, махаббат пен жылулықты, сыйластықты, қанша жерден атағын жер жарып тұрсан да Алла алдында дәрменсіз құл екеніңді, ең бастысы- бірліктің қадірің ұғындырғандай болды.  

   Сынақ- сыналу үшін емес, шындалу үшін беріледі. Сондықтан бұл сыннан да ел болып аман-есен өтеміз! Қараңғылықтың да кегін қайтарар жарық күннің түбі бір жарып шығары сөзсіз! Бас басына би болған өңкей қиқымның емес, бірлігі мен тірлігі, білегі мен жүрегі бір жұрт болайық! 

 

«Birgemiz bilim» жалпыұлттық жобасының  "Bilim camp" онлайн лагері.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Босаға ауылы, «Босаға ЖОББМ»

КММ мектебінің 9 сынып оқушысы Тлеубек Зере Манатқызы


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Последние новости
18.11.2024 1099 0
Давайте вместе разберем направления и виды волонтерства!
Читать подробнее
13.11.2024 761 0
Успешные кейсы корпоративного волонтерства Темиртауского молодежного клуба
Читать подробнее
11.11.2024 1287 0
5 способов сделать волонтерство модным и вдохновить других присоединиться к волонтерству
Читать подробнее
Читайте нас в социальных сетях
Будьте в курсе всех событий
Спасибо! ваша заявка отправлена