Birgemiz: áreket ýaqyty
РУ
QZ EN
Стать волонтером
Главная Новости Ценность культурного наследия

Ценность культурного наследия

20.05.2020 1536 0


«Волонтер қызметі туралы» 2016 жылы 22-желтоқсанда арнайы заң қарастырылған. Волонтер қызметі – жеке тұлғаларға, кәсіпорын – компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзің-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және  қайырымдылық жасау деп көрсетілген.

Қоғамда болып жатқан мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, жаңашылдыққа жаны құмар жастар саны күн санап артуда. Ал, волонтер деген кім? Волонтерлік іс  – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіңе деген көмектің арттыруы болып келеді. Олар ақысыз, ерікті түрде қоғамдық жұмыс атқаратындар қатарына жатады. Кімдерге көмектеседі десек, ағаш, өсімдіктер, көгалдар, түптерді отырғызып, өсіру, егде адамдар, қамқорсыз қалған отбасылар, баспанасыз адамдар, жастар, студенттер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, жануарларға көмек, қорықтар мен хайуанаттар саябағына ерікті түрде көмек қолын созады.

Қазірде елімізде 200-ден астам волентерлік ұйым белсенді жұмыс жасайды. Соның бірі Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы. Волонтер жайлы толық ақпарат алу үшін, төрайым-Садвакасова Динара  Тайбасаровнамен  сұхбаттасқан едік:

Волонтерлер үшін биылғы жыл несімен ерекше есте қалмақ?

– «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl Mura»  жалпыұлттық жобалар ұйымдастырылады. «Birgemiz: Asyl Mura»  жалпыұлттық жобаның басты мақсаты: жасөспірімдер мен жастардың назарын мәдени мұраларға аудару, ұлттық құндылық, код туралы жастардың түсініктерін қалыптастырумен өзінің туған жерінің тарихын зерттеуге атсалысу. Жоба 4-бағытты қамтиды: археологиялық-қазба жұмыстары, реставрациялық  жұмыстар, мәдени нысандарға мониторинг жүргізу. Сонымен қатар жалпыұлттық жоба аясында 1000 волонтер арнайы оқытудан өтеді. Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облысында Волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды. Әр өңірде координаторлар волонтерлермен қарқынды түрде жұмыс жасап жатыр. Тәжірбиелі тренерлер онлайн форматта  оқыту жұмыстарын бастады.

Қазақстанда волонтерлерді дамыту үрдісі қандай?

– Қазақ жастары – елдің болашағы. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Біздің жастарда елдің келешегіне бей-жай  қарамайтыны анық. Қазақстандағы волонтерлерді дамыту үшін ең алдымен тұрақты заң керек. 2016 жылы волонтерлерге байланысты заң қарастырылған болатын. Қазірде мен осы заңды күшіне енгізу үшін арнайы жұмыс тобында қызу жұмыстар жасап жатырмыз. Елімізде әлеуметтік волонтерлық жұмыстар жақсы қарқында, ал  гид волонтер, археологиялық-қазба жұмыстары, реставрациялық жұмыстар бойынша волонтерлер дайындауды алғашқылардың бірі  болып біздер қолға алудамыз.

Шетелдік ұйымдармен байланыс орнатасыздар ма?

– 1990 жылы құрылған Беларусь Республикалық Пионер ұйымы, Жалпыресейлік тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау қоғамы, Әзірбайжан Республикасының қоғамдық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Шетелдік әріптестермен түрлі іс- шараларды бірге жүзеге асырамыз. Мысалы: Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  «World Heritage» халықаралық челенджін бастадық. Біздің мақсат халықаралық дәрежеде тәжірбие алмасу, жастардың рухын көтеру, тың идеяға толы шығармашылық жұмыстарды бірге атқару. Жастар саясатына ұйымыз арқылы үлес қосу болып табылады.

–  Арнайы уақытыңызды бөліп, сұқбат бергеңізге рахмет!


Автор: Еркежан Досмұхамбетова

Дерек көзі: https://kaznovosti.kz/kk/archives/2048

 

Последние новости
22.12.2024 4058 0
Волонтер года рекомендует!
Читать подробнее
16.12.2024 1244 0
Примите искренние поздравления с государственным праздником – Днем Независимости Республики Казахстан!
Читать подробнее
09.12.2024 849 0
Добровольцы ООН призывают всех желающих старше 18 лет принять участие в конкурсе логотипов Международного года добровольцев в 2026 году!
Читать подробнее
Читайте нас в социальных сетях
Будьте в курсе всех событий
Спасибо! ваша заявка отправлена