Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
БҰҰ Еріктілері

Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлер бағдарламасы (БҰҰВБ) — бұл бүкіл әлемде волонтерлік қызмет арқылы бейбітшілік пен даму ісіне өз үлесін қосатын БҰҰ ұйымы. БҰҰВБ серіктестермен білікті, жоғары уәжді және жақсы қолдау көрсетілетін БҰҰ волонтерлерін даму бағдарламаларына біріктіру және волонтерліктің құндылығы мен бүкіл әлемге танылуын алға жылжыту үшін жұмыс істейді.

БҰҰВБ қос мандатты орындай отырып, бейбітшілік пен даму ісіне өз үлесін Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеу үшін БҰҰ волонтерлерін жұмылдыру және волонтерлерді тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу тәсілі ретінде тануды насихаттау арқылы қосады.

БҰҰВБ волонтерлікті әмбебап және инклюзивті деп санайды және волонтерлікті өзінің барлық алуан түрлілігімен, сондай-ақ оны қолдайтын құндылықтарымен: ерік-жігер, шынайы берілгендік, қатысу және ынтымақпен мойындайды.

"Біріккен Ұлттар ұйымының волонтерлері" бастамасын Гарвард университетінде 1968 жылы 13 маусымда Шах Мохаммад Реза Пехлеви ұсынды. Ал 1970 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰВБ-ды құрды. 

БҰҰ Еріктілері. Сайт
Толығырақ
БҰҰ Еріктісі бол! Қазір тіркел!
Толығырақ
БҰҰ Еріктілері Қазақстанда
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена